Кафедра туралы

Тарихы
    

Қоғамдық пәндер кафедрасы университетіміздің бұрыннан қалыптасқан іргелі кафедраларының бірі. Өзінің тарихын 1934 жылдан Қазақ тау-кен металлургия институты құрылғаннан бастау алады. Кейін кафедраның базасында «КПСС тарихы», «Маркстік-лениндік философия», «Ғылыми коммунизм» және «Саяси экономия» кафедралары құрылды. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіз ел болғаннан кейін, бұл кафедралар «Қазақстан тарихы», «Философия», «Саясаттану және құқық», ал «Саяси экономия» кафедрасы басқа құрылымдық экономикалық факультетке өтіп, қайтадан құрылды. 1995 жылдан кафедра заманауи түрде Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының құрамына кіреді.  «Қазақстан тарихы» кафедрасын әр жылдары доценттер А. Исаев, П.Ф. Потапский,  проф. О.М. Малыбаев, А.Е. Ержанов, К.Ж. Беляевтар басқарды. «Философия» кафедрасын алғаш болып, профессор К.Б. Бейсенбиев басқарды. 1964 – 1995 жылдары «Философия» кафедрасына академик Д.К. Кішібеков жетекшілік етті. «Ғылыми коммунизм» кафедрасын (1967 ж. құрылған) доцент З.И. Исмағұлов басқарды. Кейін бұл кафедраның меңгерушілері болып, доцент Р.И. Исатаев, проф. Т.С. Сарсенбаев, Ұ.Е. Сыдықовтар қызмет атқарды. Құқық кафедрасын (1984 жылы құрылған) профессор К.И. Наменгенов басқарды. 
    

Кафедраның өркендеп дамуына бұл меңгерушілер көп еңбектерін сіңірді. 1995 жылы гуманитарлық кафедралардың бірігуіне байланысты, «Қоғамдық пәндер» кафедрасы болып құрылды. Бірінші болып, академик Д.К. Кішібеков басқарды. 1996-2001 жылдары Қоғамдық пәндер кафедрасын профессор Ұ.Е. Сыдықов басқарды. 2001-2011 жылдары проф. Кенебаев Г.Ж., М.С. Машан, доц. Р.М. Мажиденова, проф. Л.Ю. Зайниева, К.К. Чатыбековалар басқарды. 2011-2016 жылдары проф. К.К. Бегалинова, ал 2016 жылдың 10-шы наурызынан бастап профессор Ұ.Е. Сыдықов басқарады. 2013 жылдың 30 шілдеде «Қоғамдық пәндер кафедрасы» «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы болып өзгерді. Ал 2016 тамыз айынан бастап «Қоғамдық пәндер» кафедрасы болып қайтадан өзгерді.
    

Республикадағы техникалық жоғары оқу орындары арасында кафедра қоғамдық пәндерді оқытуда базалық әдістемелік орталық мәртебесіне қол жеткізді. Кафедра университетіміздің оқу-әдістемелік және ғылыми құрылымдардың ішінде алдыңғылардың бірі. Кафедра үш секцияға бөлінген. «Қазіргі заманның Қазақстан тарихы», «Философия», «Саясаттану және құқық». Қазіргі таңда кафедрада 5 ғылым докторы, профессорлар, оның ішінде бір ҚР ҰҒА академигі – Кішібеков Д.К., 10 ғылым кандидаты, доценттер, 7  ғылым дәрежесі жоқ оқытушылар бар.
    

Кафедраның оқытушылары мынандай пәндерден сабақ жүргізеді: «Қазіргі заманның Қазақстан тарихы», «Ғылым және философия тарихы», «Философия», «Саясаттану», «Құқық негіздері», «Әлеуметтану», «Педагогика және психология», «Өзін-өзі тану». Кафедра барлық мамандықтарға бакалавр-магистратураға сабақ жүргізеді. Кафедрада оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдары, монографиялар шығарылады. Кафедраның оқытушылары ғылыми зерттеу жұмыстармен айналысады. Қазіргі уақытта ҒЗЖ 3 ғылыми проект негізінде жүргізілуде:
1. «Әлемдік ақпараттық кеңістіктегі  Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік-рухани және саяси процесс». Ғылыми жетекші – профессор Сыдықов Ұ.Е., ғылыми кеңесші – академик Кішібеков Д.К., орындаушылар: саясаттану және философия секциясы
2. «Техникалық жоғарғы оқу орындағы студенттердің әлеуметтік- психологиялық мінездемесіне мониторинг» Ғылыми жетекші – профессор Сыдықов Ұ.Е. жауаптылар: Зыкова Н.М., Абдиева Ғ.И., Қасымбаева Г.Н., Мендібаев С.К., Мажиденова Р.М.
3. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы: тәуелсіз дамудағы мәселелері». Ғылыми жетекші – Салқынбек Д.И. Жауаптылар: Чатыбекова К.Қ., Сармурзина Ғ.А., Нуржанова А.М., Тумабаев Т.С., Елеукулова Г.К.

ҒЗЖ қорытындысы әрқашан әртүрлі формада жарияланып отырады. Кафедраның оқытушылары қоғамдық – саяси және әлеуметтік мәдени мәселелерді кезең-кезеңмен баспаға жариялап жарыққа шығарады. Кафедра оқытушылары Халықаралық, республикалық деңгейдегі ғылыми конференцияларға жүйелі түрде  қатысып, өздерін ұйымдастырушы деңгейінде жақсы көрсете біледі. 
    

Қоғамдық пәндер кафедрасы «Философия, саясаттану және дінтану» институтымен, Ш.Уәлиханов атындағы «Тарих және этнология» институтымен, Р.Сулейменов атындағы Шығыстану институтымен, әль-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, және т.б. жоғарғы оқу орындарымен ғылыми жолда етене байланыста.
    

Кафедрамыз студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар беруге көбірек назар аударады. «Ғибрат» – эстетикалық танымдық клубы: жетекші Нұрғалиев Қ.Т., «Дилемма» - саяси клубы: жетекші профессор Зайниева Л.Ю., «Мұрағат» – тарихи-танымдық клубы: жетекші Салқынбек Д.И., «Инсайт» – психологиялық тренинг-клубы: жетекші Абдиева Ғ.И., Қасымбаева Г.Н. клубтары жұмыс жасайды. 

 

Соңғы жылдары 3 ірі халықаралық және республикалық конференциялар өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде студенттік конференциялар өткізіледі. А. Ержанов, Д.К. Кішібеков атындағы оқу-әдістемелік кабинеттер бар.  Кафедра оқытушылары университетімізде, Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша қоғамдық  тәрбие жұмыстарына белсене қатысады. Тәрбие жұмыстары студенттік жатақханаларда да жүргізіледі.


Қоғамдық пәндер кафедрасының мақсат-міндеттері
Қоғамдық пәндер кафедрасы университетіміздің техникалық саласы бойынша, барлық мамандықтар үшін: Қазіргі заманның Қазақстан тарихы, ғылым және философия тарихы,  философия, әлеуметтану, саясаттану,  құқық негіздері, педагогика және психология пәндерімен қамтамасыз етеді. 

 

Кафедраның негізгі мақсаты: студенттерге жоғарғы сапада білім, тәлім-тәрбие, қоғамдық ғылымдардың жаңаша құндылықтарын; патриоттық сезімін, белсенді азаматтық өмірін қалыптастыру, Отансүйгіштік,  мәдени жағдайын қалыптастыру.

 

Кафедраның міндеті: – дәріс, семинар және басқа оқу түрлерін сапалы өткізу. Студенттердің өзіндік жұмысына бақылау жасап, оқу жұмысының қорытындысын анықтауға іске-асуына жағдай жасау, сабақтан тыс студенттермен тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу. 
–    Студенттерді оқу-методологиялық материалмен, оқу құралдар, дәріс конспекттер, методикалық әдебиетпен, оқу-практикалық баспалармен қамтамасыз ету.
–    Үздік оқытушылардың әдіс-жұмыстарын кеңінен насихаттау, жас оқытушыларға педагогикалық мастерлікті көрсетуде жағдай жасау керек
–    Оқу жоспарлары, жұмыс бағдарламасы пән бойынша, сондай-ақ оқу бағдарламасына дайындықты қорытындылау, басқа кафедралармен бірігіп құрастыру
–    Ғылыми зерттеу жұмысын өткізу. Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына жетекшілік етіп, талқыға салып талдау
–    Қызметкерлермен түлектердің әлеуметтік – гуманитарлық саладағы алған білім компетенцияларын, интеллектуалды потенциясын, мәдени-адамгершілік деңгейін көтеру


Миссия және стратегия


Миссия: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ «Қоғамдық пәндер» кафедрасы техникалық мамандықтарды дайындауда, жас ұрпақты интеллектуалды, профессионалды дамытуда өзіндік ғылыми қолтаңбасын қалдыру.


Стратегия: Әлеуметтік ғылымдарды оқып және тәрбие алу нәтижесінде студент мағлұматтарды біліп, талдап, толық мағынасымен бағытын түсініп, оның маңызды бөліктерін жеке элементтерін белгілеп, өзара байланысын анықтай білуі керек. Сонымен қатар, студент жинақтау мен жүйелеу негізінде балама 

Наверх