Кафедра туралы

Тарихы
         

Кафедра 1934 жылы құрылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі міндетін 30 жыл бойы П.А. Калифутов атқарды. Келесі жылдары кафедра меңгерушісі қызметін төмендегі тәжірбиелі ұстаздар: К.К. Қалдыбеков (1963-1972 ж.ж.) еңбек сіңірген спорт шебері  Ж.Н. Саурамбаев (1972-1977 ж.ж.), Н.С. Кәрімов (1977-1983 ж.ж.), Д.Ү. Мұрзаев (1983-1988 ж.ж.), кафедраның алғашқы профессоры Ж.Н. Саурамбаев (1988-2015) атқарды. 2016 жылдан бастап кафедра меңгерушісі міндетін WBPF нұсқасы бойынша бодибилдингтен спорт шебері, фитнес пен бодибилдингтен халықаралық дәрежедегі сертификатталған жаттықтырушы, бодибилдинг пен мас-рестлингтен халықаралық дәрежедегі төреші Т.С. Иматалиев атқаруда. 
       

Кафедраның өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқандар Б.И. Лим, В.С. Коробов, И.Р. Бондарев, И.И. Карцев, кафедраның алғашқы педогогика ғылымдарының кандидаты, спорт шебері Г.С. Иманқұлов, педагогика ғылымдарының кандидаты, кафедраның алғашқы доценті С.Е. Крылов, допты хоккейден ҚСРО құрметті спорт шебері В.Г. Ильин, құрметті спорт шебері А.Ф. Никишин, спорт шеберіне үміткер, ҚР жоғары білім, ҚР дене шынықтыру қайраткері, доцент Н.Т. Қанағатов, ауыр атлетикадан спорт шебері, аға оқытушы А.Д. Тен, аға оқытушы Т.Я. Малиновская, аға оқытушы Н.Н. Скедро, аға оқытушы Е.Ж. Құрманғазы, бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы Э.Х. Габдулов, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚСРО спорт шебері, жоғары санаттағы жаттықтырушы, ұлттық дәрежедегі төреші А.Қ. Әбілханов. Көптеген жылдар бойына кафедрада жұмыс істеп жүрген ұстаздар: п.ғ.к., профессор  Ж.Б. Бозтаев, спорт шебері, халықаралық дәрежедегі төреші В.А. Чивжель, аға оқытушылар  Н.М. Ахмеджанова, И.Ю. Машков, Г.С. Сыромолотова, қазақ күресінен еңбек сіңірген спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы Б.Т. Тәліп және т.б. көптеген әйгілі ұстаздар.
       

ҚазҰТЗУ қабырғасында келесі спорт түрлеріне ерекше мән беріледі, олар: атлетикалық гимнастика, массрестлинг, баскетбол, волейбол, футбол, армрестлинг, регби, үстел теннисі, еркін күрес, самбо, қазақ күресі, бокс, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, фитнесс, спорттық бағдарлау, шығыс жекпе-жегі т.б.

Университет әрқашан жоғары дәрежелі спортшыларды дайындап келеді. Олардың арасында волейболдан олимпиада чемпионы Валерий Кравченко, дүние жүзінің классикалық күрестен чемпионы Владимир Бакулин, Эверест шыңын бағындырушылар Казбек Валиев және Ерванд Ильинский, В.Хрищатый баскетболдан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Галина Мадисон және Александр Никишин, теннистен бірнеше дүркін чемпионы Егор Шалдунов. Университетте оқып, кәсіби спортпен шұғылданғандар: Геннадий Черновол – жеңіл атлетикадан ХДСШ, Азия ойындарының жеңімпазы; Орымхан Гаухар – шотокан каратэдан ХДСШ, қара белбеу иегері, А.Балабаев – семсерлесуден ҚР СШ, Д.Юнусбаева – семсерлесуден ҚР СШ, әлем Кубогінің жеңімпазы, Эльдар Алимжанов – семсерлесуден ХДСШ, жастар арасында әлем чемпионы, Д.Шахиева – семсерлесуден ҚР СШ, О.Ляшенко – семсерлесуден ҚР СШ. Бүкілқазақстандық универсиада чемпионы, Машкова Татьяна – жағажай волейболынан ХДСШ, ҚР құрама командасының мүшесі, Азия чемпионатының екінші жүлдегері, континентаралық Кубогінің үшінші жүлдегері, Қазақстан Кубогінің чемпионы, Цимбало Ирина – жағажай волейболынан СШҮ, чемпионатының екінші жүлдегері, континентаралық Кубогінің үшінші жүлдегері, Қазақстан Кубогінің чемпионы, Быконь Станислав – жағажай волейболынан СШҮ, ҚР жастар құрамасының мүшесі, Перевертов Михаил – жағажай волейболынан СШҮ, ҚР жастар құрамасының мүшесі, Жайнақов Дәурен – самбо күресінен ХДСШ, әлем, Азия чемпионы, әлем Кубогінің күміс жүлдегері, ҚР бірнешедүркін чемпионы. Бүгінгі күні Қазақстан намысын қорғап, университеттің спорттық дәстүрлерін насихаттап жүрген: Лейла Қонысбаева – қазақ күресінен ҚР спорт шебері, ҚР үшдүркін чемпионы және дзюдо мен самбо күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Жұлдызбай Азамат – каратэдан ҚР спорт шебері, 2014 ж. әлем чемпионатының жеңімпазы, Ерланов Диас – тхэквондодан ҚР спорт шебері, 2014 ж. ҚР чемпионатының күміс жүлдегері, Алғазы Нұрсұлтан – дзюдодан, қазақ күресінен  ҚР СШҮ, 2011, 2012 жж. ҚР чемпионаттарының қола жүлдегері, 2012 ж. дзюдодан халықаралық турнирінің чемпионы, Садыкова Дилорам – каратэ-додан ҚР спорт шебері, 2015 ж. әлем чемпионатының чемпионы және жүлдегері. 

Иматалиев Талап Сайпуллович – 
WBPF нұсқасы бойынша бодибилдингтен спорт шебері, фитнес пен бодибилдингтен халықаралық дәрежедегі сертификатталған жаттықтырушы, бодибилдинг пен мас-рестлингтен халықаралық дәрежедегі төреші.

 

Мақсаттары мен міндеттері 
Жоғары оқу орнындағы дене шынықтыру қазіргі заманғы маманның жалпы және кәсіби мәдениетін қалыптастырудағы ұлттық бағдарламаның ажыратылмас бөлігі.
Барлық мамандықтарға міндетті оқу пәні ретінде бағдарлы тән дайындығын қамтамасыз етеді, саналы түрде саламатты өмір салтын қажетсінуді тәрбиелейді, жан-жақты дамыған жеке тұлғаның қалыптасуына ықпалын тигізетді, денсаулықты нығайтатын факторы, студенттердің кәсіптік дайындық барысында тәндік және психофизикалық қалыптарын оңтайландырады. 


Осы бағдарламаның негізгі ережелері Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт» Заңымен және «Қазақстан-2050» Стратегиялық бағдарламасымен тығыз байланысты. 
Бұл бағдарлама студенттердің дене шынықтыру саласынан білімдерін арттыру мақсатымен құрастырылған. Бағдарлама оқу процесінің мектеп оқушыларының дене тәрбиесінің және орта арнайы оқу орындарының дене тәрбиесінің бағдарламаларының сабақтастығын қамтамасыз етеді. 


«Дене шынықтыру» пәнінің мақсаты – студенттерді салауатты өмір салтына бейімдеу, денсаулықтарын сақтау және нығайту.


Дене шынықтыру сабақтары білім беру, тәрбие және сауықтыру жұмыстары міндеттерін шешуді қарастырады: 
-  тіршілікке қажетті тәндік сапалардың дамуына және жетілуіне дене шынықтыру және спортты пайдалану, денсаулықты көптеген жылдарға сақтау туралы ғылыми дәлелденген базалық білім беру; 
- дене шынықтыруға уәжденген көзқарасты және дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен жүйелі шұғылданудың қажеттілігін қалыптастыру; 
- дене қабілеттілігін дамытуда жан-жақты білім мен дағдыны иеленуді қамтамасыздандыру; 
- дене шынықтырудың әдістері мен тәсілдерін пайдаланып, психикалық қалпын басқаруды үйрету; 
- салауатты өмір салтын және тәндік жетілудің қажеттілігін жеткізу; 
- дене шынықтыру саласында негізгі білім мен практикалық ептілікті иелену; 
- болашақ мамандардың кәсіптік дайындығының жеткілікті деңгейін қамтамасыздандыру, соның ішінде дене дайындығы, машықтану, жұмыс қабілеттілігі, кәсіптік маңызы бар және психомотролы қабілеттер; 
- аурулардың алдын-алу, денсаулықты нығайту және сақтау үшін дене шынықтыру тәсілдерін толыққамды пайдалану; 
- дене шынықтырудың маңыздылығын түсіну мақсатымен студенттерді белсенді спорттық-шынығу жұмысына қатыстыру; 
- спортшы-студенттердің спорттық шеберлігін жетілдіру; 
- өзін-өзі бақылау білімі мен ептілігі және ағзаның функционалды қалпының өзіндік бағалау дағдыларын игеру. 

 

Кафедраның міндеті «қоғамның барлық сатыларында денсаулықты нығайтуға және өмір сүру сапасын жақсартуға негізделген дене шынықтыру, спорт саласындағы, бос уақыттың өткізілу жетістіктерін ұғыну арқылы адам рухын көтеруге» бағытталған  

Наверх