Кафедры туралы

Тарихы


1936 ж. Тау-металлургия институты ашылуына байланысты «Жоғары математика және механика теориясы» атты кафедра құрылды.


1934-1935 жылдары бірінші кафедра меңгерушісі болып Воловик В.И. сайланды. Ал 1935 жылы Томскінің  политехникалық институтының  түлегі Ермек Алимхан кафедраны басқарды.

1937-1941 және 1943-1952 жылдар аралығында  доцент Старков Н.С. кафедра меңгеруші қызметін атқарды.


1941-1943 жылдары атақты ғалым, ф.-м.ғ.д.,профессор Ахиезер Н.И. меңгеруші болып қызмет жасады.


Әр жылдары: 1952-1962ж. – профессор Горшин С.И., 1962-1972ж. – доцент Хаймульдин О.М., 1972-1979 ж. – доцент Қалижанов У.К., 1979-2000ж. – профессор Хайруллин Е.М. кафедраны басқарды.


1995 жылы «Қолданбалы математика» кафедрасы қайта ашылды, оны ф.-м.ғ.д.,профессор Сақабеков А.С. басқарды. 1999 жылы шығарушы (даярлаушы) кафедра статусына ие болды және «Пәнаралық қолданбалы математика» мамандық бойынша мамандар даярланды.


2000 жылдың шілде айында «Қолданбалы математика» мен «Жоғары математика» кафедралары біріктіріліп, Әль-Машани атындағы  Жаратылыстану-гуманитарлық институтының «Математика» кафедрасы деп аталды. «Математика» кафедрасының бірінші меңгерушісі болып ф.-м.ғ.д., профессор Сақабеков А.С. сайланды.


2002-2004 жылдарда ф.-м.ғ.д., профессор Тұңғатаров А.Б., 2004-2012 жылдары профессор Сатыбалдиев О.С. кафедра меңгерушісі болып қызмет жасады.
Қазіргі кезде, ф.-м.ғ.д., доцент Кельтенова Раушан Тұрлыбековна кафедра меңгеруші қызметін атқарады.


Кафедрада қазақ, орыс тілдерінде оқулықтар мен оқу құралдарын даярлау мен шығаруға үлес қосқан авторлар: Божанов Е.Т., Хайруллин Е.М., Қасымов Е.А., Аубакир С.Б., Айдос Е.Ж., Хасеинов К.А., Жаңбырбаева У.Б.


Жоғары оқу орындары қауымдастығы оқулық жазудағы еңбектері үшін Е.М.Хайруллин мен Е.А.Қасымовты А.Байтұрсынов атындағы   «Үздік автор» күміс медалімен марапатталды.
Ғылыми жұмысты жетілдіру барысында кафедра ИТПН, ИКИ, АНРК, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.В.Ломоносов атындағы ММУ, В.А.Стеклов атындағы МИ, Зерттеу орталығы СОРАН (Новосибирск қаласы), М.В.Келдыш атындағы Қолданбалы математика институты, ПҒА механика проблемалары институтымен кафедра тығыз байланыста.


Кафедра оқытушылары  ғылыми семинарларда,конференциаларда және халықаралық симпозиумдарда баяндама жасауға белсене араласады.


Кафедраның келесі оқытушылары ҚР-ның «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы » мемлекеттік гранттың иегерлері: Қасымов Е.А. – 2005  жылы, Хасеинов К.А. – 2005,2006 ж. Айдос Е.Ж. – 2006 ж., Отарбаев Ж.О. – 2006 ж., Сатыбалдиев О.С. – 2007 ж., Хайруллин Е.М. – 2009 ж.


«Математика» кафедрасы, 01.01.02 – Дифференциалдық теңдеулер және математикалық физика мамандығы бойынша кандидаттық және докторлық диссертация қорғауды ұйымдастырушы мекеме болды.


2002 жылдан бастап кафедра 510230 – «Қолданбалы математика және ақпарттану» мамандығы бойынша бакалавр дайындады.
Кафедра бітірушілері «Жүйелі программист, математик-инженер» квалификациясын алды, математикалық модельдеу және жобалау бағытында мамандандырылды.
Кафедрада 2007 жылы 050705 – «Математикалық және компьютерлік модельдеу» атты жаңа мамандық ашылды.


Қазіргі кезде кафедрада 42 оқытушы, оның 2 профессор; 23 ғылым кандидаты, доценттер: 2 ғылым кандидаты, сениор-лектор; 4 – сениор-лектор, ғылыми атақсыз; 4-лектор ғылыми атақсыз, 7-ассистент қызмет атқарады.


Мақсаты мен міндеті
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығының мақсаты – математикалық және компьютерлік модельдеу, технологиялық процесстер және әртүрлі ортаның инновациялық өнімділігінің орнықты өсу траекториясын жасау арқылы,сандық бағалау мен басқару шешімдері бойынша білім және дағдыға ие болған мамандықтарды дайындау.
Оқу бағдарламасының жоспарына сәйкес 5В070500 «Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы бойынша білім берудің келесі мақсаттары мен тұжырымдары:
Басқару- кафедра мүшелерінің өкілділігі мен атқару қызметін тиянақты үлестіру негізінде кафедраны басқарудың эффективтілігін арттыру.
Тәрбие- тәрбиелік жұмыстар өткізу  (эдвайзерлік сағаттар,тәрбиелік әңгіме,т.с.с.) негізінде патриоттық, интернационалдық, жалпы саяси, құқықтық, эстетикалық тәрбие беру деңгейін  арттыру;


Кафедраның міндеті:
Инновациялық әдіспен бағдарлама  мен модельдеудің түрлі технологиялардың қолданатын және сондай-ақ білімді жинақтаған замануи шаруашылық субъект пен еңбек саудасының талабына сай бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.


Міндет пен стратегия
«Математикалық және компьютерлік модельдеу мамандығының 5В070500, 6М070500» ақпараттың білім беру міндеті (бакалавр және магистратура):
Оқу процесінің кезеңі математика пәнін қалыптастыру.
«Математикалық және компьютерлік модельдеу» мамандығы осы заманға сай білімді мен талапты заманауи инновациясы жоғары деңгейде Қазақстан Республикасының маманын толықтай дайындау.


Ақпараттың білім беру стратегиясы 5В070500, 6М070500 «Математикалық және компьютерлік  модельдеу» мамандығының мақсаты:
Сапалы білім беру, қамтамасыз етуі және болашақ маманның «Математикалық және компьютерлік модельдеу» инновациясының ғылыми-жобаның дайындау  еңбек саудасының талабына сай жоғары квалификациясының кадр дайындау.

  • Жоғары професионалды тәжірибенің қолдануы «Математикалық және компьютерлік  модельдеу»маманының оқытуы.
  • Өндірістің ортасы, бір қалыпты шартпен және көпұлттық елдің білімге деген мақсаты өрлеу, интелектуалдық деңгейін көтеру.
  • Өз қызметінің бағыты бойынша мамандығына сәйкес«Математикалық және компьютерлік модельдеу»  ақпараттық білім беру.

 Басқа ғылыми-зерттеу университеттерімен әріптестік құру мақсатында, ғылыми-техникалық байланысты арттыру.

 

Наверх