Ғылыми-зерттеу жұмысы

Кафедраның ғылыми-зерттеу жұмысы төмендегі: бағыттары бойынша конференцияға қатысу жүзеге асырылады.
-    ғылыми монографиялардың жазылып, баспадан шығарылуы;
-    оқу құралдары мен оқулықтардың құрастырылуы;
-    оқу құралдары мен оқулықтарды рецензиялау, диссертациялық зерттеулердің авторефератына пікір;
-    диссертациялық жұмыстарға пікір ;
-    оқу кеңесі бойынша жұмыстар;
-    халықаралық, республикалық, жоғары оқу орындары арасындағы конференцияларға қатысу;
-    конкурстық, және т.б. материалдарды, баяндамаларды, ғылыми мақалаларды, монографиялаларды, оқу құралдарын, оқулықтарды рецензенттеу;
-    Ғалымдар Кеңесіндегі жұмыстар.
   

Кафедра оқытушылары шетелдегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларға қатысып отырады.
   

Шет тілдері кафедрасы халықаралық байланыс жұмыстарын халықаралық оқу компанияларымен ұзақ мерзімді келісім шарттарға отырып жүргізеді. Бұл келісім шарттың мақсаты ОПҚ кәсіби-педагогикалық деңгейін көтеріп, университет студенттеріне осы заманға сай әдістерді қолдана отырып сабақ өткізу.
   

Кафедра ұзақ мерзімнен бері Қазақстандағы АҚШ, Ұлыбритания, Франция және Германия, сонымен қатар Гете институтымен, ДААД және Француз Альянсымен бірлесе жқмыс жасауда.
   

Шет тілдері кафедрасы мен Томск ұлттық зерттеу политехникалық университетінің ұйымдастыруымен жыл сайын ТМД елдерінің техникалық жоо арасында интернет-олимпиада өткізіледі. Бұл олимпиаға ТМД елдерінің Университеттері қатысады.
   

2012 жылдың қараша айында шет тілдері кафедрасы халықаралық қарым-қатынас келісім шартын Houston Downtown University, Texas, USA, ILAC, Richmond School District Canada TOO “Kazakhstan Concil for Education Travel” бегітті. Бұл келісім шарт ұзақ мерзімде ҚазҰТУ студенттерінің тілдік деңгейін тереңде және оқытушылардың біліктілігін арттыруға мүмкүндік береді.

Наверх