Кафедра туралы

Тарихы

 

Ағылшын тілі кафедрасы Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу Техникалық Университетінің Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Мәртебесі - шығарушы кафедра болып табылмайды.  


Ағылшын тілі кафедрасы, бұрын – шет тілдері кафедрасы университеттегі көп жылдар бойы келе жатқан кафедралардың бірі. Аталмыш кафедра 1934 жылы Тау-металлургия институтында құрылған. Бастапқыда кафедрада адам саны көп емес еді, ал қазір ол университеттегі саны жағынан ең үлкені болып табылады. Қазіргі таңда кафедрада 50 оқытушы бар, оның 42-сі штатта, ал 8-і қосалқы қызмет атқаратындар.


Көп жылдар бойы кафедраның негізгі әдістемелік қызметі ағылшын, неміс және француз тілдерінің әдістемелік секциялары жұмыстарына негізделді. Кафедраның көп жылғы қызметі барысында 500-ден аса методикалық әзірлемелер жасалды, 20 монография, ондаған оқу құралдары мен оқулықтар, сондай-ақ техникалық жоғары оқу орындарына арналған сөздіктер басылымнан шықты.


Кафедра жұмысының басым бағыттарының бірі халықаралық білім ұйымдарымен, Қазақстандағы Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Германия, Испания Елшіліктерімен, сондай-ақ жоо-серіктестермен ынтымақтастық болып табылады. Осындай ынтымақтастықтың айтуға тұрарлық нәтижелерінің бірі – кафедраның кіші кітап қорының құрылуы, аталмыш қор үш шет тіліндегі ғылыми, оқу-әдістемелік, әдеби, анықтамалық және мерзімдік баспадан тұрады. Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті мен Томскінің ұлттық зерттеу политехникалық университеті  арасындағы стратегиялық серіктестікке қатысты қосымша келісім шеңберінде, сонымен қатар ҚазҰТЗУ шет тілдері кафедрасы базасында техникалық жоғары оқу орындарында студенттерді шет тіліне үйрету мәселелері бойынша халықаралық ғылыми-практикалық семинарлар мен конференциялар өтті. Кафедра ТМД елдерінің техникалық жоғары оқу орындарының 500 студенті арасында кәсіби-бағыттағы ағылшын тілі бойынша өткен 1-ші Халықаралық интернет-олимпиаданың бастамашысы және аталмыш жарысты өткізуші құрылтайшыларының бірі болды.

 

Мақсаты:

Тиімді кәсіби қарым-қатынас жасауды жүзеге асыру мақсатында ағылшын тілін жеткілікті дәрежеде меңгерген XXI ғасырдың бәсекеге қабілетті мамандарын дайындау ( IELTS форматында 6.0 және одан жоғары деңгей)

 

Міндеттері:

  • Шет тілін меңгерудің Жалпы европалық құзыреттеріне (CEFR) сәйкес ағылшын тілін үйретуді деңгейлеп іске асыру
  • Тілдік қызметтің барлық түрлерін үйрету (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым)
  • Студенттердің мамандық пәндері бойынша ағылшын ұғымдық аппаратын меңгеруді қамтамасыздандыру
  • Студенттердің бойында сыни ойлау, бағалау және өзін-өзі бағалау машықтарын қалыптастыру
  • Кафедраның жас мамандарының кәсіби біліктілігін тәжірибелі оқытушылардың тренингтер өткізуі арқылы жоғарылату

 

Миссиясы:

  • Заманауи жаһандық еңбек нарығында студенттердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру мақсатында олардың ағылшын тіліндегі қарым-қатынас құзіретін жеткілікті деңгейде дамыту
  • Оқу процесінің нәтижелілігін ағылшын тілі бағдарламасының көп аспектілі құрылымы мен мазмұны арқылы арттыру
  • Студенттердің өзіндік жұмысының жемісті болуы мақсатында жағдай жасау
  • Диалог жүргізу


Стратегиясы:

  • Жұмыс берушілердің әлеуетті үміткерлерді жұмысқа орналастыруға қатысты қажеттіліктері мен сұраныстарын анықтау үшін еңбек нарығымен өзара байланысты, сондай-ақ  осы негізде жас мамандарды ағылшын тілінде даярлау талаптарын (құзыреттіліктерін) де орнату
  • Кәсіби құзыреттіктерді дамытуға бағытталған оқу жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу сәйкесінше студенттер мен түлектердің ұтқырлығы мен сұранысқа ие болуға қатысты мәселелерін жоюға әкеледі
  • Бағдарлама жүйелілігі және кафедра пәндері сабақтастығы
  • Оқу қызметі нысандарының әртүрлілігі
  • Жалпы қарым-қатынастық шетел тілі құзыретін анықтаудың жалпы европалық стандарттары негізінде студенттердің ағымдық топтары мен кіші топтарын қалыптастыру
Наверх