Жоғары оқу орындарында үштілділік білім беру бағдарламасын ендірудің ерекшеліктері

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-дың ағылшын тілі кафедрасы  2017 жылы мамыр айының 11-жұлдызында төмендегі тақырып бойынша дөңгелек үстел өткізеді:

«ҚР техникалық жоғары оқу орындарында үштілділік білім беру бағдарламасын ендірудің ерекшеліктері»

Дөңгелек үстел практикалық сипатта өтеді. Әр сөз алушыға 10 минут уақыт беріледі, осы уақыт аралығында ол қатысушыларды аталмыш бағдарламаның өз құрылымында қалай іске асып жатқандығы туралы таныстырып өтеді. 

Дөңгелек үстел барысында университет шеңберінде үштілділік білім беру бағдарламасын өмірге енгізуге қатысты қызметкерлер мен студенттердің дайындық деңгейі, сондай-ақ университеттің материалдық-техникалық мүмкіндіктері де  талқыланады.

Техникалық жоғары оқу орны жағдайында мемлекеттік бағдарламаның тиімді жұмыс істейтін аспектілерін ендіру мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді.

Дөңгелек үстелге қатысуға үштілділік білім беру бағдарламасын енгізіп жатқан және/немесе қызығушылық танытқан барлық құрылымдар шақырылады.

Дөңгелек үстелге қатысуға ниет білдіргендер 2017 жылдың 28 сәуіріне дейін мына электрондық поштаға asarenova.kaznitu@gmail.com төмендегі ақпаратты жіберулеріңізді өтінеміз (нысаны еркін түрде):

шараға қатысушы өтінімде толық аты-жөнін, жұмыс орнын, лауазымын, байланыс телефоны мен электрондық поштасын көрсетеді;

баяндаманың атауы және аңдатпасы 150-200 сөзден тұрады.

Дөңгелек үстел шарасының жұмыс тілдері – қазақ және орыс.

Баяндаманың қабылданғанына қатысты мағлұмат 2017 жылдың 5 мамырына дейін белгілі болады.

Ұйымдастыруға байланысты барлық сұрақтар бойынша ағылшын тілі кафедрасының меңгерушісі А.С. Сареновамен мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды өтінеміз: 7265 (ішкі) немесе 87076119777 (ұялы).

Дөңгелек үстелдің өтетін орны мен уақыты: 2017 жыл, 11 мамыр, сағат 11.00, 316-каб. Мұнай ғимараты.

Ақпарат көзі: Ағылшын тілі кафедрасы
696
26 сәуір 2017
Наверх