Институт туралы

Миссиясы

Базалық білім беру институтының миссиясы - студенттеріміз бен қызметкерлерімізді академиялық кемелденудің, кәсіпқойлық пен инновациялық ойлаудың жоғарғы стандарттарына қарай бағдарлау, берілген стандарттарды қоғам игілігіне жұмсау.

 

Стратегиясы

1.) Оқытудағы кемелдену:

  • Үздік тәжірибелерді қолдану арқылы үнемі  оқыту әдістерін жетілдіру;
  • Сыни тұрғыдан ойлауды оқыту ортасының негізгі компоненті ретінде қалыптастыру.

2.)  Академиялық сұрақтар бойынша кеңес беру (Адвайзерлер):

  • Студенттерге жеке  оқу жоспарына қатысты кеңес беру арқылы олардың жеке, кәсіби, академиялық мақсаттарын қанағаттандыру.

3.) Студенттік ұйымдар:

  • Тәжірибелер мен мүмкіндіктерді түрлендіре отырып, ұйым мүшелерінің өз білімдерін кеңейтуге және таңдаған кәсіби салаларына деген құштарлығын арттыру
  • Ұйымның кәсіби қызметтеріне байланысты конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру мен оларға қатыстыру арқылы студенттердің білімдері мен дағдыларының дамуына ықпал ету;
  • Студенттік секцияларда жүргізілетін  іс-шаралар мен қауымдастықты жақсартуға арналған  жобалар арқылы қоғамның хабардарлық және  жауапкершілік деңгейін  арттыру.

 

Мақсаты

  • Үздік тәжірибелер мен машықтарды ұстана отырып, бірінші курс студенттеріне қызмет ету.
  • Ағылшын, қазақ және орыс тілдерді оқыту арқылы студенттердің қарым-қатынас  дағдысын жақсарту.
  • Студенттерге академиялық және мансапқа байланысты сұрақтар бойынша кеңес беру.
  • Адвайзерлер, оқытушылар және дирекция қызметкерлерімен бірге кеңесе отырып, бірінші курс студенттерінің құзыреттері, талпыныстары мен таңдауларын жүзеге асыруға мүмкіндік жасау.
  • Мақсаттарға жетуге бағытталған іс-шараларда тиісті ұйымдармен, факультеттермен, университетпен тығыз жұмыс жасау.
  • Қызметкерлерді жоғарғы стандарттарға  оқыту мен дамыту.

 

Наверх